Новости / Журабеков Асланды Азия Чемпионатының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Журабеков Асланды Азия Чемпионатының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Қараша айының 22 мен 24 аралығында Тайчунг қаласында (Қытай Тайбэй) грек-рим күресінен  2004-2006 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Азия Чемпионаты өтті. Бұл жарысқа мектебіміздің оқушысы Журабеков Аслан 44 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.

 

Мектеп әкімшілігі Журабеков Аслан мен оның жаттықтырушылары Тұрсынов Жарқын, Жексенбаев Медеу және Кәріпжан Абылайды жеңістерімен құттықтайды!